«Қазақстан» шахтасында бесінші кеншінің мәйіті табылды

Халық үні

Шахтадағы апат 17 тамызда шықты

Фото: freepik.com

«Қазақстан» шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды Қарағанды қаласы әкімдігінің сайты. 

Қаза тапқан кеншілердің аты-жөні:

1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4-разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;

2. Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;

3. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;

4. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;

5. Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 3-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.

17 тамызда Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында өрт болып, салдарынан 5 әріптесіміздің қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз, - делінген «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның сайтында.