Шахтадағы апат: Смайылов іздестіріліп жатқан кеншінің отбасымен кездесті
Қазір оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр
Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Премьер министр Әлихан Смайылов сапар барысында «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездеседі. Сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізеді.
Шахтинск қаласында премьер-министр бірінші кезекте кеншілердің бірі Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті. Қазір кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.