×

«Екінші кездесуді келісейік»: бүгін Альварес Биволдан жеңіліп қалды

Жеңілген Альварес 15 миллион АҚШ долларын алса, жеңген Бивол 2 миллион доллар ғана табыс көрді

 Еркеғали Болатұлы 08.05.2022 | 12:25
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өткен бокс кешінде мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан күтпеген жерден жеңіліп қалды.

Кездесу 12 раунд болды. Жекпе-жек алдында аутсайдер саналған Бивол «Канелоны» біраз қинап, жеңіске жетті. 12 раундтың қорытындысы бойынша 3 төреші де 115-113 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға берді. Осылайша, сурер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы деген атағы бар Альварес өз карьерасында осымен екінші рет жеңіліп отыр. Жалпы алғанда, ол 57 жеңіске жетсе, мүлде жеңіліп көрмеген Биволдың еншісінде 20 жеңіс бар.

«Канело» Дмитрий Биволдан жеңілгеннен кейін журналистерге реванштың болғанын қалайтынын жеткізді. Бивол да онымен  екінші мәрте кездесуге қарсы емес.

Реванш? Ешқандай проблема емес. Екінші кездесуді келісейік. Бірінші кездесудің алдында мен ешқандай талап қойған жоқ едім. Енді екінші кездесу үшін менің талаптарым бар. Әрине, реванш болады. Мен екінші кездесуге дайынмын, - деді ресейлік боксшы.

Нақты айтқанда, бүгін ол жартылай ауыр салмақта өзіне тиесілі WBA белбеуін қорғап қалды.

TotalsPortal-дың мәліметінше, жеңілген Альварес алдын ала келісілгендей, 15 миллион АҚШ долларын алса, жеңген Бивол 2 миллион доллар ғана табыс көрді. Оған қоса телевизиялық (PPV) көрсетілімінен түсетін табыстың 70 пайызын «Канело» және қалған 30 пайызын Бивол алатын болды.

Барлығын қосқанда, Дмитрий Биволдың есепшотына осы бір жекпе-жектен кейін 4 миллион доллар түседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43