Ақмола облысында туысының үйіне қонаққа келген 66 жастағы ер адам көз жұмды
Ақмола облысында 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлап көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Шортанды ауданындағы ауылдардың бірінде болған.
«Жазатайым оқиға түнгі уақытта, жеке үйдің ауласында болды. Туыстарына қонаққа келген 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлаған. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.