Қазақтанның үш облысында 38 градусқа дейін ыстық болады
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде 35-38°с дейін қатты ыстық күтіледі.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 19 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Жоғары қысым алқабының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Тек елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарында фронтальды бөлімдер өтуімен, найзағаймен қоса өткінші жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Республика бойынша екпінді жел болжанады. ҚР солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде 35-38°с дейін қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.