Қарағанды облысы әкімі орынбасарының жиені «Вагнер» құрамында соғысып қаза тапқаны туралы ақпарат тарады
Әкімнің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова Facebook-тегі парақшасында ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді
Әлеуметтік желіде «Қарағанды облысы әкімі орынбасарының жиені Вагнер ЖӘК құрамында соғысып жүріп қаза тапты» деген хабар тарады. Аталған ақпаратқа қатысты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді.
Әкімнің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова Facebook-тегі парақшасында ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Кейбір жұртшылық Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басинге қатысты жалған ақпарат тарата бастады. Вадим Басиннің айтуынша, оның жиені жоқ, сондықтан туысы Вагнер ЖӘК-те соғысты деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген хабарламада.
«Вагнер» ЖӘК – ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин құрған және басқаратын ресейлік мемлекеттік емес қарулы құрылым. Бірқатар елдерде ол террористік ұйым ретінде танылған. 2014 жылдан бері топ ауыр техникамен, артиллериямен және әскери авиациямен қаруланып, Украина аумағындағы соғысқа қатысқан.