Блогер әлеуметік желіде үндеу жасаған еді
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқарды ұрып-соққан спортшыны 15 тәулікке қамауға алғанын хабарлады.
Сот отырысында ұсақ бұзақылық фактісі бойынша М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).
Сотпен ағымдағы жылдың тамыз айында қаладағы фитнес-клубта азамат М.-ның жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, А.-ға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғаны анықталды. Сот отырысында күдікті іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растап, жасаған әрекетіне ішінара өкінді, - делінген хабарламада.
Сот қаулысымен ер адам ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.