×

Алматыда «Барлық» базарынан өрт шықты (ВИДЕО)

Ол «Алтын Орда» базарына қарама-қарсы орналасқан

 Еркеғали Болатұлы 17.08.2023 | 16:48
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде сол өртке қатысты кадрлар пайда болды. Алматы қаласының ТЖД мәліметінше, тілсіз жау «Барлық» базары аумағында тұтанған. Істемей тұрған фаст-фуд дүңгіршектері өртенген.

Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 14:55-те оқшауланып, 7 минутта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп мәлімдеді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, «Барлық» базары Райымбек даңғылының бойында, атышулы «Алтын Орда» базарына қарама-қарсы орналасқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама