×

Алматыдағы университет ресейлік ЖОО-лардан ауысқысы келетін Украина азаматтарына грант бермек

Украина азаматтарының құжаттарын қабылдау 16 мамырда басталады

 Ербол Тұрымбет 07.05.2022 | 16:29
Нархоз университеті, фото: yandex.kz

Биыл мектеп бітіріп, түлек атанған немесе Украина, Ресей университеттерінен Қазақстандағы жоғары оқу орнына ауысуды жоспарлаған Украина азаматтарына Нархоз университеті грант ұсынатын болады. Білім беру гранты 100% оқу ақысын, жатақханада тегін тұруды және жол шығындарын өтеуді қамтиды. Тиісті шешімді Нархоз университетінің басқарма мүшелері бірауыздан қабылдады.

Украина азаматтарының құжаттарын қабылдау 16 мамырда басталады. Талаптарға тоқталатын болсақ, Нархоз университетіне түсу үшін мектеп аттестатының орташа академиялық балы 4,00-ден төмен болмауы тиіс (немесе 80%). Украина немесе Ресейдегі жоғары оқу орнынан ауысуды жоспарлаған студенттің 2021 жылғы күзгі немесе 2022 жылғы көктемгі семестрінен кейін жалпы GPA көрсеткіші 70% төмен болмауы керек. Оқуға қабылданбас бұрын міндетті түрде сұхбат жүргізілетін болады.

Нархоз университеті – болашақ экономистерді, қаржыгерлерді, аудиторларды, бухгалтерлерді, маркетологтарды, заңгерлерді, менеджерлерді және цифрлық технологиялар, қонақ үй бизнесі, туризм және мемлекеттік басқару саласындағы мамандарды оқытатын Алматыдағы жетекші жеке жоғары оқу орны. Нархоз халықаралық аккредитацияларға ие, сонымен қатар университеттің білім беру бағдарламалары халықаралық сертификаттарға сай (ACCA, CIMA және т.б.).

Нархоз Қазақстандағы ТОП-5 жоғары оқу орын қатарында және университет түлектері «Үлкен төрттікке» кіретін PWC, E&Y, KPMG, Deloitte компанияларында ерекше сұранысқа ие.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қазақстан алдағы онжылдықта ауызсу тапшылығы қаупі өте жоғары елдер тобына кіреді

Қазір 2 миллиард адам таза суға жете алмай отыр
26.03.2023 | 14:20

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23