Halyq Uni логотип
×

Астаналықтар 2,1 млрд теңгенің көлік салығын төлемеген

20-дан аса қымбат көлік айыппұл тұрағына қойылды

 Дәурен Ерболат 16.08.2023 | 17:13
Астаналықтар 2,1 млрд теңгенің көлік салығын төлемеген
Фото: Tengrinews.kz

Елордада тұрғындар 2,1 млрд теңге болатын көлік салығын төлемей жүр, деп хабарлады Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Қалада полицейлер мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы бірлесіп, «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

Бүгінгі жеке тұлғалардың көлік салығына берешегі – 2,1 млрд теңге. Рейд барысында 97 млн теңге өндірілді. Іс-шараны өткізу барысында Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын 20-дан аса көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Рейд жыл соңына дейін тұрақты түрде жалғасады. Бұл ретте kgd.gov.kz сайтының және e-Salyq Azamat мобильді қосымшалары мен екінші деңгейдегі банктер көмегімен қарызды тексеруге болады.

Астана қаласы бойынша МКД салық бойынша берешегі 1 АЕК-тен (3 450 теңге) асатын көлік иелерін қолайсыздық туындамас үшін салық берешегін толық өтеуге шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама