Олар 3200 метр биіктікке көтерілген
Іле Алатауында адасып кеткен 3 жасөспірім құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 15 тамызда тауға шығып, кейін байланысқа шықпаған жасөспірімдер тобын іздеуге шықты. Сағат таңғы 08:25-те ТЖМ құтқарушылары Күмбел шыңынан (теңіз деңгейінен 3200 метр) балаларды аман-есен тауып алды.
Ескерту: тауға шығар алдында жақсылап дайындалыңыз, жолда сақ болып, қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаңыз.