Кептеліс болмас үшін тұрғындар сапарын алдын ала жоспарлауға тиіс
Астанада Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысы толық жөндеуге жабылады, деп хабарлады «109» қызметі.
Қаладағы Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы жол айырығынан М1 көпіріне түсетін жолдың оң жақ бөлігіне жөндеу басталды. Онда жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі.
Осыған байланысты 16-31 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көліктер үшін қозғалысқа толық тыйым салынады. Кептеліс болмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, - деп жазылған хабарламада.