«Оқушыны аурудан сақтайды». ДСМ мектепте қандай жиһаз болуы керектігін ескертті

Дәурен Ерболат

Баланың партада дұрыс отыруы маңызды

Фото: liter.kz

ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті білім ордаларында сапалы мектеп жиһазын пайдалануға кеңес береді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып саналады. Санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетін мектеп жиһазын ұзақ пайдалануға болады әрі ол баланы мынадай түрлі аурудан сақтайды:

  • Дұрыс физикалық даму,
  • Оқушылардың дене бітімі мен көру қабілетінің бұзылуын болдырмайды.
  • Оқу процесінің тиімділігі үшін ол ыңғайлы, қауіпсіз, көпфункционалды (мобильді) болуы керек.
  • Баланың денсаулығы, оның дене мүсінінің дұрыстығы және жалпы омыртқаның жағдайы мектеп жиһазының сапалы болуына байланысты.

Ыңғайсыз отырудан және шамадан тыс жүктемеден омыртқа зардап шегеді. Балалардың ыңғайлы парта мен орындықта, барлық оқулық пен дәптерді орналастыруға болатын кең, ыңғайлы үстелде отыруы өте маңызды. Дұрыс таңдалған парта сколиоздың дамуына жол бермейді әрі көру қабілетін, физикалық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді және оның эмоционалды жағдайын жақсартуға ықпал етеді, - деп жазылған хабарламада.

Жиһаздың қауіпсіздігіне де көңіл бөлу қажет. Үстелдің үстіне қолды дұрыс қою, аяқтың еденде нық тұруы, оқушының тізесі мен партаның арасында орынның жеткілікті болуы әрі орындықта отырған баланың тізесінің қысылмауы маңызды. 

Мектеп жиһазы балалардың анатомиялық және физиологиялық жас ерекшелігіне сәйкес келуі қажет.

Білім беру объектілерін таңбаланған мектеп жиһазымен жарақтандыру және оқушыларды дұрыс отырғызу оқушылардың тірек-қимыл аппаратында патологияның пайда болуын болдырмауға көмектеседі.