Halyq Uni логотип
×

Ауыл әкімдерінің құрамы «жасарып» жатыр - Ерлан Қарин

Алдағы жексенбіде 3 облыста 21 ауыл әкімі сайланады

 Халық үні 15.08.2023 | 20:33
Ауыл әкімдерінің құрамы «жасарып» жатыр - Ерлан Қарин
Ерлан Қарин, фото: gov.kz

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин  Қазақстан ауылдарында әкім сайлауы қалай өтіп жатқанын хабарлады. Бұл туралы ол Telegram желісінде жазды. 

Айтуынша, 13 тамызда еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланды.

Соңғы екі жылда Президенттің саяси реформалар бағдарламасы аясында ауыл әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлайтын болды. Осы уақытқа дейін 1 668 ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланды. Үміткерлердің 75 %-н саяси партиялар ұсынса, қалған 25 % өзін-өзі ұсынушылар, – деп жазды ол.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы сайлаудан кейін жергілікті әкімдердің құрамы біршама «жасарғанын» айта келе, жаңадан сайланған әкімдердің орташа жасы 45-ті құрайтынын мәлімдеді.

Алдағы жексенбіде, 20 тамыз күні 3 облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады. Осылайша, ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды, – деп жазды Ерлан Қарин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама