Зайырлы мемлекеттік заңды орындауға тиіспіз, деді министр
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың хибдаж киіп мектепке келуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан мектептерде хиджаб киюге рұқсат беріле ме? - деген сауал қойды.
Бәріміз білеміз, Конституцияда жазылғандай, біз зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан мемлекет те, мектептер де Конституцияға сәйкес өмір сүруі керек деп ойлаймын. Зайырлы мемлекеттік заңды орындауға тиіспіз. Мектепте балалардың білім дағдыларын қалыптастырған кезде ол заң талаптарына сәйкес жүргізілуі керек, - деген жауап қатты Ғани Бейсембаев.
Айта кетейік, министр аталған сауалға нақты «иә» немесе «жоқ» демеді.