Мемлекет басшысы Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Динара Амантай

Тұрақты өкілге бірқатар нақты тапсырма берілді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қазақстанның Аустриядағы елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалған Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кездесу барысында президент Аустриямен және Венадағы салалық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатқа Қазақстанның серіктес мемлекеттермен екіжақты және көпжақты форматтағы өзара қарым-қатынастарын нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.