Мемлекет басшысы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді
Мемлекет басшысы Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің премьер-министрі Нарендра Модиге ізгі тілектерін жеткізді.
Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.