2019 жылғы 31 тамызда ер адам үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткен
Осыдан төрт жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.
Қызылжар ауданы Налобин ауылында 1960 жылы туған Мадей Олег Станиславович жоғалып кеткен.
2019 жылғы 31 тамызда ер адам үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткен.
Оның үстінде шамамен сұр түсті күртеше, жиегі және торы бар қалпақ (шляпа), терең батпақта киетін етік болған.