Талдықорған мәйітханасында жағаұстатар жағдай болды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде тараған видеодан мәйітхана қызметкерлері қайтыс болған белгісіз адамдарды жерлеуге апара жатқанын байқауға болады
Жетісу облысында қаза тапқан адамдарды жерлеуге апара жатқан мәйітхана қызметкерлерінің әрекеті желі қолданушыларының наразылығын туғызды, деп хабарлады stan.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан мәйітхана қызметкерлерінің қайтыс болған белгісіз адамдарды жерлеуге апара жатқанын байқауға болады. Алайда жаймамен оралған мәйіттерді ер адамдар көлікке лақтырып, бірінің үстіне бірін қойған.
Бұл не масқара? Сұмдық. Ол қайтыс болса да адам ғой. Қарап тұрсаң, бір картопты көлікке тиеп жатқандай көрінеді. Бұл не деген бассыздық? - дейді желі қолданушылары.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Stan.kz тілшісі мәйітхананың басшылығына хабарласып көрген. Алайда жұмыс күні болғанына қарамастан жерлеу мекемесінің қызметкерлері байланысқа шықпаған.