«Астанада туысы кішкентай қызды аяусыз тепкіледі»: Балалар омбудсмені мәлімдеме жасады

Халық үні

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Фото: instagram.com/kris.p.jambyl

Астанада полиция балабақшаға барғысы келмеген кішкентай қызды ұрған туысына әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайттағы деректерге қарағанда, әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында белгісіз бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызды ұрып жатқан бейнежазбасы анықталды.

Белгілі болғанындай, 14 тамыз күні таңғы уақытта 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдірген.

Бойжеткенге қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі «Ұрып-соғу» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды»,-делінген хабарламада.

Әлеуметтік желі қолданушылардың оқиға елордадағы «Фламинго» тұрғын үй кешенінің жанында болағанын жазған.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«17 жасар қыз ағасына қонаққа келген. Таңертең оған баланы балабақшаға апарып келуді тапсырған. Кішкентай қыз балабақшаға барғысы келмей жылайды, содан бойжеткен немере сіңлісіне қол көтереді.

Бұл факті бойынша бойжеткенге ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді.⁩

Іс бойынша Астана қаласының әкімдігімен байланыстамын.

Сондай-ақ, баланың әжесімен де байланыстамын. «Құқық» ҚҚ бүкіл отбасын психологиялық сүйемелдеуге алады (алғашқы қабылдау осы сәрсенбі күні өтеді)», -деп жазды ол әлеуметтік желіде.