Түркістан облысында екі адамға іздеу жарияланды
Берілген ақпараттың құпиялығы сақталады және арнайы сыйақы қарастырылған
Түркістан облысының Полиция департаменті адам өлтірді деген күдікке ілінген екі адамға іздеу жариялады, деп Отырар.
Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша күдікті 14.12.1985 жылы дүниеге келген Абдукаримов Санжар Жұмадиллаұлы іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ 24.07.1989 жылы дүниеге келген Пашекеев Бахтияр Ғалымұлына да іздеу жарияланды. Ол дәл осы баптың 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Екеуінің де бұлтартпау шарасы – қамауға алу.
Облыстық gолиция департаменті іздеудегі ер адамдарға қатысты қандай да бір ақпарат болса, ведомствоның кезекші бөліміне 102, 8(725-33) 5-97-65 немесе іздестіру тобына 8-747-789-06-79 байланыс нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды. Берілген ақпараттың құпиялығы сақталады және арнайы сыйақы қарастырылған.