Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кескен қазақстандықтар елге оралады – СІМ
Олар айыппұлды төлеген
Жақын арада Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кескен қазақстандықтар елге оралады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Олар сот шешімі шыққасын айыппұлды төледі (1 млн теңге). Азаматтарымыз жақын арада Қазақстанға оралады, - деді Айбек Смадияров.
2023 жылдың наурыз айында Қазақстанның екі азаматы Корея Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. 10 тамызда Инчхон қаласының аймақтық соты Қазақстанның екі азаматына қатысты сот үкімін шығарды. Сот үкімімен Қазақстан азаматтарының әрқайсысына 3 млн корей воны көлемінде (1 млн теңгеден астам) айыппұл салу, одан кейін елден депортациялау туралы шешім шығарды.