Жыл басынан бері 134 бала терезеден құлаған
Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы және абайсыздығы
Елімізде жыл басынан бері 134 бала терезе мен балконнан құлаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері оқиғалардың ең көп саны Қарағанды облысы (20), Астана қаласы (19), Қостанай (12) және Кызылорда облыстарында (11) тіркелген.
Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы және абайсыздығы.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мына ережелерді сақтаған жөн:
- баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін терезелерге блакираторлар орнату;
- бала жоғары көтеріле алатын жиһазды терезелердің жанында қалдырмаңыз;
- терезеде тиісті қорғауы жоқ арнайы москит торларын пайдаланбаңыз (бала алда кейбір кедергілерді көрмейді, оған сенімді түрде сүйенеді және баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін);
- баланы ересектердің қарауынсыз, терезелері ашық жерде, сондай-ақ оларды өздері аша алатын жерде қалдырмаңыз;
- балаларға ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіріңіз, москит торға сүйенуге болмайтынын ескертіңіз. Балалар терезенің жанында тұрып, оған көтерілуге тырысқанда, қауіп туралы үнемі еске алуы керек.
Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз балаңыздың өмірін сақтайсыз, - делінген ТЖМ хабарламасында.