Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды
Астанада жаңадан салынып жатқан ғимараттың 16-қабатынан ер адам құлап мерт болды, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
12 тамызда Алматы аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне құрылыс алаңында ер адамның 16-қабаттан құлап кеткені туралы хабар түскен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы желдеткіш шахтаға құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.