Алматы тауларында сел жүруі мүмкін
Тұрғындарға тауға шықпау керектігі ескертілді
Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды. Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Қазгидромет» РМК-ның 2023 жылғы 10 тамыздағы 10 тамыз сағат 21:00-ден 13 тамыз 21:00-ге дейінгі аралықтағы дауылды ескертуі негізінде. 12-13 тамызда Алматы облысының тау бөктері мен таулы аймақтарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. 11-13 тамыз күні облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа қарай ауысады, облыстың солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарында 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с», – деп хабарлайды департамент.
11 тамызда Алматы облысының солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласы: 12 тамыз күні уақытара найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні найзағай кезінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді.
Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.