×

Алматыда оқушы өз-өзіне қол салды

Суицидтің себебі анықталып жатыр

 Халық үні 06.05.2022 | 12:30
фото: ашық дереккөзден

Алматыда 2006 жылы туған мектеп оқушысы 4 мамырға қараған түні үйдің ауласында өз-өзіне қол салды. Қалалық полиция департаменті 15 жастағы қыздың суициді бойынша тергеу шараларын бастады.

Бұған дейін қыздың өз-өзіне қол салғаны туралы мәлімет әлеуметтік желіде тараған болатын. Артынан полиция депаратменті қайғылы оқиғаның болғанын растады.

Бұл оқиға 4 мамырға қараған түні Алматы қаласының Медеу ауданында болған. 2006 жылы туған А. есімде жасөспірім суицид жасады. Оның денесі үйдің ауласынан табылған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу кезінде суицид себептері анықталады, - дейді департамент.

Қазір қылмыстық кодекстің 105-бабы (өз-өзiн өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған дерек бойынша, жеткіншек республикалық физика-математика мектебінде білім алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама