Алматыда оқушы өз-өзіне қол салды
Суицидтің себебі анықталып жатыр
Алматыда 2006 жылы туған мектеп оқушысы 4 мамырға қараған түні үйдің ауласында өз-өзіне қол салды. Қалалық полиция департаменті 15 жастағы қыздың суициді бойынша тергеу шараларын бастады.
Бұған дейін қыздың өз-өзіне қол салғаны туралы мәлімет әлеуметтік желіде тараған болатын. Артынан полиция депаратменті қайғылы оқиғаның болғанын растады.
Бұл оқиға 4 мамырға қараған түні Алматы қаласының Медеу ауданында болған. 2006 жылы туған А. есімде жасөспірім суицид жасады. Оның денесі үйдің ауласынан табылған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу кезінде суицид себептері анықталады, - дейді департамент.
Қазір қылмыстық кодекстің 105-бабы (өз-өзiн өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған дерек бойынша, жеткіншек республикалық физика-математика мектебінде білім алған.