Жатақхана тапшылығы: Алматы студенттері хостелдерге орналастырылмақ
Қалада жатақхана жетіспеушілігі жыл сайын қайталанады
Жатақханада орын жетпеген университет студенттері шағын қонақ үйлер мен жатақханаларда тұратын болады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мұндай шешімді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдады.
Бұл туралы министр Саясат Нұрбек өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Осылайша, министрлік жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін шешуді жоспарлап отыр.
Алматыда университет студенттерінің жатақханасының жетіспеушілігін жеке жатақханалар есебінен шешеміз. Алматы қаласының жоғары оқу орындары 60-қа жуық шағын қонақ үй иелерімен келісім-шартқа отырды. Кәсіпкерлер ұсынысты ықыласпен қабылдады, - деп жазды министр.