Halyq Uni логотип
×

Астанада 15 жыл іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Оған мемлекетаралық іздеу жарияланған

 Динара Амантай 12.08.2023 | 11:41
Астанада 15 жыл іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Фото: polisia.kz

15 жыл іздеуде жүрген шетелдік азамат Астанада ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, мемлекетаралық іздеуде жүрген 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды.

2008 жылдың қазан айында ер адам сенімге кіре отырып, ұялы телефондарды иемденгені анықталды. 2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы қаскүнемді мемлекетаралық іздеуге жариялаған, – делінген хабарламада.

Қазір ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама