Halyq Uni логотип
×

Гүл дүкеніндегі бассыздық: бұзақының жанында кірістер басқармасының қызметкері болған

Оған қатысты қызметтік тергеу тағайындалды

 Халық үні 12.08.2023 | 07:33
Гүл дүкеніндегі бассыздық: бұзақының жанында кірістер басқармасының қызметкері болған
фото: видеодан скриншот

Шымкентте гүл сатушыны ұрған бұзақының қасындағы екінші адам Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып шықты, деп хабарлайды Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаменті. 

10.08.2023 жылы Шымкент қаласындағы гүл дүкеніндегі оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада құқық бұзушының қасында болған екінші тұлға – Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Д.Елқонды. Осыған байланысты Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан мән-жайды анықтау мақсатында 10 тамызда қызметтік тергеу тағайындалды, - делінген ресми хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, Д.Елқондының жауапкершілік мәселесі тәртіптік комиссия отырысында қаралады.

Сондай-ақ Шымкент қалалық кірістер комитетінен, қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатыны айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама