Halyq Uni логотип
×

Екі адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жаралады: Арыста үшінші күдікті ұсталды

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Халық үні 11.08.2023 | 23:58
Екі адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жаралады: Арыста үшінші күдікті ұсталды
фото: inform.kz

Арыс қаласында екі адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жарақаттаған үшінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 тамыз күні белгісіз біреулер Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атқан болатын. Кейін қашып кеткен. Салдарынан үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Кеше қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды. Үшіншісі іздестіріліп жатқаны хабарланды.

ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын бірлесіп өткізген. Мәлім етілгендей, ұсталған үш күдіктінің бірі – тапсырыс беруші, қалған екеуі – орындаушы.

«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы»Кісі өлтіру«бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру басталды.

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Олардан»Сайга«қаруы мен 12 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтық, мотоцикл мен бетперделер тәркіленді», - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов

Серіктес жаңалықтары

Сараптама