Halyq Uni логотип
×

Шымкентте жасөспірім полицияның қызметтік көлігін айдаған (ВИДЕО)

Қазір қызметтік тергеу жүргізіп жатыр

 Халық үні 11.08.2023 | 19:48
Шымкентте жасөспірім полицияның қызметтік көлігін айдаған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Шымкентте жасөспірім полицияның қызметтік көлігін айдаған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды polisia.kz. 

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде полицияның қызметтік көлігі бейнеленген бейнежазба анықталды. Рөлді жас жігіт тізгіндеген.

Полицияның мәліметінше, автокөлікті полиция департаменті бөлімшелерінің бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталды.

Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша Шымкент полиция департаментінің жеке құрамы бойынша инспекция қызметтік тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша атқаратын лауазымынан шеттетілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданады, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама