Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады.
Еске салсақ, 4 мамырда Қазақстанның Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф елдегі саяси және экономикалық реформалар жөнінде пікір білдіріп, алдағы референдум әділетті өтетініне сенім білдірді.
Мысырдағы елші алдымен «облыс» сөзі қазақ тіліне орыс тілінен енген кірме сөз екенін мойындап, мемлекет тілінің тазалығын сақтау үшін әкімшілік-аймақтық құрылымды «өңір» деп жазуды ұсынды.
Біртұтас, яғни оңтүстігі мен солтүстігі, шығысы мен батысы бар төрт құбыласы тең унитарлы мемлекетіміздің әкімшілік-аймақтық құрылымына қатысты Ата заңымыздың жаңа бабына келесі ұсыныстар енгіземін:
- Абай өңірі. Әкімшілік орталығы – Семей қаласы.
- Ақмола өңірі. Әкімшілік орталығы – Көкшетау қаласы.
- Ақтөбе өңірі. Әкімшілік орталығы – Ақтөбе қаласы.
- Алмалы өңірі. Әкімшілік орталығы – Қонаев қаласы.
- Атырау өңірі. Әкімшілік орталығы – Сұлтан Бейбарыс қаласы.
- Батыс Қазақстан өңірі. Әкімшілік орталығы – Орал қаласы.
- Жамбыл өңірі. Әкімшілік орталығы – Тараз қаласы.
- Жетісу өңірі. Әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы.
- Қарағанды өңірі. Әкімшілік орталығы – Қарағанды қаласы.
- Қостанай өңірі. Әкімшілік орталығы – Қостанай қаласы.
- Маңғыстау өңірі. Әкімшілік орталығы – Маңғыстау қаласы.
- Оңтүстік Қазақстан өңірі. Әкімшілік орталығы – Түркістан қаласы.
- Сарыарқа өңірі (бұрынғы Павлодар облысы). Әкімшілік орталығы – Ертіс қаласы.
- Солтүстік Қазақстан өңірі. Әкімшілік орталығы – Абылай хан қаласы.
- Сырдария өңірі (бұрынғы Қызылорда облысы). Әкімшілік орталығы – Байқоңыр қаласы (бұрынғы Қызылорда атауының орнына).
- Торғай өңірі. Әкімшілік орталығы – Арқалық қаласы.
- Ұлытау өңірі. Әкімшілік орталығы – Жезқазған қаласы.
- Шығыс Қазақстан өңірі. Әкімшілік орталығы – Өскемен қаласы.
- Астана қаласы.
- Алма-Ата қаласы.