Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болуы мүмкін

5G радиожиелігін сату үшін тағы аукцион ұйымдастырылады

 Дәурен Ерболат 11.08.2023 | 12:50
Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болуы мүмкін
Ержан Мейрамов, фото: ОКҚ

Жыл соңына дейін елімізде жаңа мобильді оператор пайда болуы ықтимал. Бұл туралы Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Басты мақсатымыз – бәселестікті орнатып, дамыту. Біз реттегіштің де қызметін атқарамыз. Мұнда 2 мәселе бар: Үкімет тапсырма берді, яғни «Қазақтелеком» АҚ ішіндегі 2 мобильді оператордың біреуінен шығару. Қазір инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз.

Екіншіден, осы жылдың соңына дейін 5G радиожиелігін сату үшін тағы аукцион ұйымдастырылады. Егер оны тағы бір инвестор жеңіп алса, онда жаңа мобильді оператор пайда болуы мүмкін, - деп сөзін түйіндеді комитет төрағасы.

Еске салайық, 2022 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда 5G жиіліктерін тарату бойынша аукционның бірінші лоты ұйымдастырылды. Аукционда «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС және «Кселл» АҚ консорциумы радиожиілік жолақтарын 62,6 млрд теңгеге сатып алды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама