5 адам ауруханаға жеткізілді
Баянауыл ауданында көліктер соқтығысып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлады Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
10 тамызда сағат 15:11-де жедел жәрдем станциясына Екібастұздан 50 шақырым жерден Мәшһүр Жүсіп ауылына бара жатқан жолда 2 көліктің соқтығысқаны туралы хабарлама түсті. 3 медициналық бригада оқиға орнына 10 минутта жеткен.
7 жасар балаға жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайғалды, жамбас сүйегі сынды деген диагноз қойылып, Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ 32, 31, екі 25 жастағы ер адам түрлі жарақат алды. Олар да Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
Көлік апаты салдарынан 31 жастағы әйел мен 53 жастағы ер адам көз жұмды.