ТМД II ойындары: Қазақстанның еркін күрес құрамасы төрт жүлде алды

Дастан Жұмабекұлы

Балуандарға алтын медаль бұйырмай тұр

Фото: ашық дереккөз

Беларусь елінде өтіп жатқан ТМД ІІ ойындарының алтыншы күні еркін күрестен ел қоржынына 4 төрт жүлде түсті.

Солигорск қаласында өткен еркін күрестен 57 келіде сынға түскен Ерасыл Мұхтарұлы финалда ресейлік балуан Начын Монгуштан ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

79 келідегі Арсен Өміржан да финалда ресейлік Магомед Магомаевтан жеңіліп, күміс медальге  ие болса, 86 кг салмақтағы Мақсат Сатыбалды финалда әзербайжан балуаны Арсений Джиоевке есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

125 келідегі Омархан Надировке бұйырғаны қола жүлде болды.