Жамбыл облысында су тапшылығынан 4 мың гектар пияз бен қант қызылшасына қауіп төніп тұр
Зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы бөлу туралы ұсыныстар енгізіледі
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин биылғы вегетациялық кезең жоспарын іске асыруды пысықтау үшін Жамбыл облысына іс сапармен барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
9 тамыздағы жағдай бойынша Талас өзенінің бассейні бойынша Киров су қоймасының көлемі 32,48 млн текше метр болды. Бұл – бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 144,8 млн текше метрге аз (177,28 млн текше метр).
Қазір Қырғызстанның Талас БУВХ қызметімен «Жамбыл ГРЭС» АҚ жұмысын қолдау үшін су қоймасынан кемінде 5 м3/сек су беру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Талас өзенінің арнасына экологиялық тазарту қарастырылып отыр.
Бұған қоса Талас өзенінің арнасына судың түсуін ұлғайту мақсатында «Қазсушар» РМК филиалы мемлекеттік шекара бойында коллекторлық-дренаждық желілерді тазартуды жүргізеді. Бұл Талас өзеніне судың түсуін 5-тен 8 м3/сек-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар егін шаруашылығындағы су мөлшерінің шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінде Талас су торабындағы су көлемі коллекторлық сулармен толтырғанның өзінде, 7,26 м3/секундты қамтиды. Пропорционалды үлестердегі су және су айналымы әдісімен Жамбыл және Байзақ аудандарына бөлінеді. Бұл ретте Талас ауданы суарудан толығымен ажыратылып отыр.
Суармалы судың тапшылығын Байзақ, Талас және басқа да аудандар сезінеді. Іс жүзінде Киров су қоймасынан судың жеткіліксіз жетуіне байланысты шамамен 4 мың гектар пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр.
Шу өзені бассейніндегі су Георгиев магистралі (ГМК), Колос, Шортөбе арналары арқылы Қордай, Меркі аудандарына ЗБЧК арнасы арқылы беріледі.
Биыл сумен қамтамасыз етудің негізгі проблемасы Қордай ауданының ГМК арнасы бойынша қалыптасты. Оның қамтамасыз ету аймағы 28 мың гектар жер болатын. Тамызда бұл арнаның қажеттілігі 14 м3/сек болды. Бірақ 26 маусымдағы кесте бойынша (мұнда 9 м3/сек тиесілі) іс жүзінде 7-ден 6 м3/сек-ке дейін, төменгі бағыт бойынша сараптық қателер көп болды. Ал 9 тамызда тұтыну 6,7 м3/сек болды және бұл шығынмен арнаның 60 шақырымға су таратуды реттеу мүмкін болмады.
Су тапшылығына байланысты Қордай ауданының Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қақпатас және Степное ауылдық округтері (шамамен 5 мың гектар) суарудан шығарылды.
Меркі ауданының ЗБЧК каналы бойынша Қырғызстаннан су соңғы 4-5 жыл ішінде келіп түскен жоқ. Соның салдарынан 10 мың гектарға жуық егістік өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл жағдайдан шығу үшін ЗБЧК арнасын Ішкі көз – Аспара өзенінен толтырып келген.
Сумен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан сындарлы жағдайды ескере отырып және аталған аудандарда әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін премьер-министрі Алихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Сол шаруаны реттеу аясында 18-20 шілде аралығында Қордай, Байзақ және Талас аудандарының егіс алқаптарын визуалды тексерген болатын.
Жалпы, визуалды тексеру Қырғыз Республикасы тарапынан суармалы судың жеткіліксіз түсуіне байланысты егістіктерде қалыптасқан қолайсыз жағдай туралы растады. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуінен зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы бөлу туралы ұсыныстар енгізілетін болады.
Жыл сайын су ресурстарының жетіспеушілігі барған сайын артып барады. Соған орай біз жыл сайын ылғал сүйгіш дақылдарды егуді қысқартуды, ылғал үнемдейтін технологияларға көшуді, ауыспалы егістерді, суару режимдерін және басқа да мелиорациялық шараларды сақтауды ұсына отырып, бұл мәселені көтереміз, - деді вице-министр өңір өкілдерімен кездесу барысында.
Су тұтынудың өсіп келе жатқан көлемін ескере отырып, егістік алқаптарына тексеріс жүргізілетін болады.
Қазір «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалында пилоттық жоба шеңберінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен бірлесіп, келесі вегетациялық кезеңде қолда бар егістік алқаптарына су берудің қажетті көлемін есептеу үшін егістіктің нақты картасын анықтау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.