Қарағандыда аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды

Халық үні

Қарағандыдағы «Көк тоған» аялдамасында ер адамды найзағай соғып, мерт қылған

ашық дереккөзден

Қарағандыда бүгін, 2023 жылы 10 тамызда кешке аялдамадан ер адамның денесі табылды. Облыстық полиция департаменті Zakon.kz-ға ер адамның өлімінің мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

«Бүгін кешке біздің оқырман Қарағандыдағы «Көк тоған» аялдамасында ер адамды найзағай соғып, мерт қылғаны туралы хабарлады. Оқырман Майқұдық ықшам ауданының полицейлері марқұмның туыстарын іздестіріп жатқанын айтады. Жігіттің жанында телефоны болған, бірақ ол қосылмай қойған, өйткені найзағай смартфонға зақым келтірген. Біз барлық мәліметтерді анықтайтын боламыз», - делінген Instagram-дағы Denski_blog public парақшасында.

Облыстық полиция департаменті Zakon.kz-ке адам денесін табу фактісін растап, бірақ ер адамның өлімінің себебін түсіндірмеді. 

«Көшеден ер адамның денесін табу фактісін полиция тіркеді. 1977 жылғы ер адамның жеке басы анықталды, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалдып, мән-жайлар анықталу үстінде», - делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің жауабында.