×

Қазақстан Израильден лай қалдығын тыңайтқышқа айналдыруды үйренеді

Елімізде кәріз-тазарту жүйесін жаңғырту маңызды

 Дәурен Ерболат 10.08.2023 | 17:15
Фото: ИИДМ

ТКШ ҚазОрталығы Израильдің Gaon Group компаниясының өкілдерімен сумен жабдықтау, ағын суды тазарту және инфрақұрылымды дамыту жобасын талқыға салды, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ның (ТКШ ҚазОрталығы) басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев кәріз-тазарту жүйелерін салу және жаңғырту, тазартылған ағынды суды қайта пайдалану, лай қалдығын тыңайтқышқа айналдыру, құрылыс материалдарын өндіру және басқа да жобалардың маңызды екенін атап өтті.

Gaon Group ТҰК басқарма төрағасы Гай Регев компанияның мол тәжірибесі негізінде аталған мәселелерді шешудің тетігін ұсынды.

Сондай-ақ кездесуде SCADA жүйесін енгізу арқылы су және жылумен жабдықтау жүйелерін цифрландыру мәселелеріне байланысты өзара тиімді байланысты нығайту жолдары пысықталды.

Айта кетейік, аталған израильдік компания 1951 жылы құрылған. Ол сумен жабдықтауда озық және инновациялық шешімдерді, қызметтер мен өнімдердің кең спектрін ұсынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама