Қарт анасына қол көтерген жетісулық жауапқа тартылады

Дәурен Ерболат

Полиция істі тергеп жатыр

Фото: Istock

Үштөбе қаласының 48 жастағы тұрғыны өгей шешесіне қол көтерген, деп хабарлады Polisia.kz.

Медициналық сараптама барысында 66 жастағы әйелдің денсаулығына зиян келгені расталды.

Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру») бойынша 48 жастағы күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Жыл басынан бері Жетісу облысында отбасының шырқын бұзған мыңға жуық құқықбұзушылық тіркелді.

Биыл 1 шілдеден бастап заңнамаға өзгертулер енгізіліп, полиция қызметкерлері отбасылық жанжал бойынша деректерді анықтап, құқықбұзушыларды жауапқа тарта алатын болды.