×

Құрбысы көмектескен: Ақтөбеде оқушы қыз туған анасын өлтірді

Марқұмның көршілері қайғылы оқиғаға жанжал себеп болуы мүмкін дейді

 Халық үні 05.05.2022 | 23:27
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде туған анасын өлтірді деген күдікпен 16 жастағы мектеп оқушысы қамауға алынды. Оқушыға қанды қылмыс жасауға колледжде оқитын құрбысы көмектескен, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, екі күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазір Қылмыстық кодекстің 99 - бабы, яғни «Адам өлімі» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті екеу, бірі- марқұмның 16 жастағы қызы, екіншісі - 19 жастағы танысы. Екеуі де уақытша изоляторға қамалды. Өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқушының мұғалімдері оның толық емес отбасында тәрбиеленгенін және анасының вахталық әдіспен сауыншы болып жұмыс істегенін айтты.

«Бала салмақты, артық іс-әрекеттері бұған дейін байқалмаған. Ішкі істер органдарының есебінде болмаған, тек қана жасөспірімдердің сағат 23-00-ге дейін жүруге рұқсаты болса, ол сол режимді бұзғаны үшін бірнеше рет ескерту алған. Қасында жолдас баласы болған. Ол кәмелеттік жасқа толған бала. Қаладағы колледждердің бірінің студенті. Қазір қайсысы кінәлі екені нақты анықталған жоқ. Қыз бала 16-да, кешкі мектепте оқиды», - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Марқұмның көршілері қызы мен анасы күнде ұрысып, айқайласып жататын дейді. Сондықтан болар көршілері бұл отбасымен жақын таныспаған көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама