Halyq Uni логотип
×

Жаңа коронавирус штамының тарауына байланысты шектеу енгізіле ме?

Қарттар мен жүкті әйелдердің сақ болғаны жөн

 Дәурен Ерболат 10.08.2023 | 15:21
Жаңа коронавирус штамының тарауына байланысты шектеу енгізіле ме?
Фото: Reuters/ Павел Михеев

Әлемде коронавирустың жаңа Eris штамының таралуына байланысты Қазақстанда карантин шектеуі енгізілуі мүмкін бе? Сұраққа Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде COVID-19 штамының жаңа түрі тіркелмеген. Сондықтан маска тағып, карантин шектеуін енгізу туралы айтуға әлі ерте.

Бізде бар мәліметке сәйкес, коронавирустың бұл штамының ауыр өтетіні, салдарынан басқа ауыр ауру тудыратыны туралы ешқандай ақпарат жоқ. Иә, ол – «омикронның» басқа түрі сияқты жұқпалы, бірақ көп жағдайда жеңіл өтеді. Жүкті әйелдерге, созылмалы аурулары бар адамдарға және қарттарға қауіп төнеді, - деді Айжан Есмағамбетова.

Бұған дейін вице-министр 170 балалар лагері тексерілетінін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама