Алматыда жаңадан 100 мектеп автобусы жүретін болды

Динара Амантай

Олар мектептен шалғайда тұратын кішкентай оқушыларға арналған

Фото: Halyq Uni

Алматыда 100 мектеп автобусы қатынайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда мектепке жетуі қиын оқушыларды тасымалдау үшін 100 мектеп автобусы сатып алынған. «Мектеп автобусы» жобасы Ерболат Досаевтың бастамасымен Алматыда алғаш рет іске асырылып отыр.

Жоба мектептен шалғайда тұратын кішкентай оқушыларға арналған. Автобустар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай. Оларда авариялық шығу жолы, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус және т.б. бар. Балалар мұғалімнің қарауымен және балаларды тасымалдау ережелеріне сәйкес тасымалданады.

Бірқатар мемлекеттік мектептер 1 қыркүйектен бастап жүретін мектеп автобустарымен қамтылады. 20 орындық автобустар жолдары тар тауларға қарай жүреді. Мектептер бағыттарды, балаларды алып кету уақыты мен аялдамалар санын әзірлеп қойған. 1 балаға бір орын қарастырылған. Бәрі отырып барады, – деді Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек.