Halyq Uni логотип
×

Ұлыбритания билігі экс-президенттің қызының мүліктерін тәркіледі

Бұл мүлік елдегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен түскен ақшаға сатып алынған

 Халық үні 09.08.2023 | 20:55
Ұлыбритания билігі экс-президенттің қызының мүліктерін тәркіледі
фото: kaktus.media

Ұлыбританияда Гүлнар Кәрімованың үш мүлкі тәркіленді. Бұл туралы Ұлыбританияның ірі көлемдегі алаяқтыққа қарсы бюросының (SFO) Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Бюро мәліметінше, Гүлнар Кәрімовада Лондонның беделді Белгравиа ауданында екі пәтері мен Суррейде зәулім үйі бар. Мүліктің жалпы құны шамамен 20 млн фунт стерлингті немесе 11,3 миллиард теңгені құрайды.

Ведомствоның пайымдауынша, Гүлнар Кәрімованың бұл мүлкі отбасының Өзбекстандағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен түскен ақшаға сатып алынған.

SFO Кәрімова 2004-2012 жылы аралығында телекоммуникация компанияларынан Өзбекстандағы нарыққа шығуға көмектесу үшін жүздеген миллион доллар пара алды деп мәлімдеді, - делінген жазбада.

Газета.uz хабарлауынша, 2018 жылдың қазан айында SFO Кәрімованың британдық активтерін, оның ішінде осы үш мүлкін тәркілеу туралы сотқа шағым түсірген. Бюро мәліметінше, кеше, 8 тамызда Ұлыбританияның Жоғарғы соты бұл талапты қанағаттандырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама