Алматыдан 359 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Халық үні

MPV магнитудасы –4.2

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 9 тамыз, сағат 18.35-те жер сілкінісін тіркеді. 

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 359 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасты.

Тербелістің энергетикалық санаты – 10.1.

MPV магнитудасы –4.2.

Тереңдігі – 15 км.

MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.