11 номинация бойынша жүлдегерлер анықталады
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін URKER-2023 ұлттық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды.
Медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар байқауға қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 9 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін жалғасады.
Байқауға арналған жұмыстар 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 2023 жылғы 8 тамыз аралығында мерзімдік басылымдарда, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шығуға тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:
Комиссия құрамына беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа сарапшылар кіретін байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, URKER-2023 естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы табысталады. Ұлттық бәйгені ұйымдастырушылар – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.
URKER - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.