Президент Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты
Көрмеде мемлекет басшысы жергілікті бизнесті одан әрі қолдау керектігін айтты
Көрмеге тамақ және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы сондай-ақ металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, мұнай химиясы және фармацевтика салаларындағы кәсіпорындар қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы кәсіпорындардың өнімдер көрмесін аралап көріп, жергілікті кәсіпкерлермен әңгімелесті.
Президент бизнес-қоғамдастық өкілдерімен әңгіме кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда соны серпіліс жасап, қажетті ынталандырулар мен преференцияларды пысықтау қажет екенін айтты.