×

Ақмола облысында ерлі-зайыпты егіз баласымен бірге өртеніп кетті

Оқиғадан бір күн бұрын үйдегі электр сымдары ауыстырылған

 Халық үні 05.05.2022 | 19:34
фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысының Красный Яр ауылында екі қабатты үйден өрт шығып, салдарынан бір отбасының төрт адамы қаза тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер үш минутта жеткен. Құтқарушылар келгенше 1964 жылы туған әйел мен оның 2015 жылы туған немересі терезе арқылы пәтерден шығып үлгерген.

«Өрт орнынан 1991 жылы туған ер және 1993 жылы туған әйел адамның, сондай-ақ екі баланың денесі табылды», – дейді құтқарушылар.

Алдын ала болжам бойынша электр сымдарындағы ақау өртке себеп болуы мүмкін. 

Өрт ауданы 50 шаршы метр болатын пәтерден шыққан. Өртті 13 қызметкер мен үш техникамен сөндірді.

Оқиғадан бір күн бұрын үйдегі электр сымдары ауыстырылған. Әжесі мен немересі шеткі бөлмеде, ерлі-зайыптылар егіз баласымен электр сымы ауыстырылған бөлмеде болған

Серіктес жаңалықтары

Сараптама