Олар үшін қызық экскурсия жоспарланған
Қазақстанда қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балалары Ыстықкөлде демалатын болды, деп хабарлады Polisia.kz.
Демалушылар санатына құқық қорғау органдарының, көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар да кірді.
Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров игі бастаманы жанашыр азаматтардың бірден қолдағанын айтып, оларға алғысын айтты.
Балалар көл жағасында демалып қана қоймай, шығармашылықпен айналысып, ойнай алады. Олар үшін қызық экскурсиялар жоспарланған. Жалпы он күндік демалыс бағдарламасы ауқымды. Балалардың жас санаты ескерілген, - деді басшы.
Сондай-ақ олар үшін арнайы кеш ұйымдастырылып, аниматорлар, сиқыршылар балалардың көңіл-күйін көтерді. Оларға арнап фуршет ұйымдастырылды.
Сонымен қатар жасөспірімдер полиция техникасының көрмесіне қызығушылық танытты.