Астанада бизнес орталығына ұрлыққа түскен адам ұсталды (ВИДЕО)
«Гастролер» Теміртау қаласында қолға түсті
Астанада Есіл ауданында орналасқан бизнес орталығына белгісіз ер адам ұрлыққа түсіп, көп ұзамай полицияның қолына түсті.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, 29 жастағы ер адам түнгі уақытта қаладағы бизнес орталықтарының біріне ұрлыққа түсіп, 30 мың теңгені қолды еткен. Ол бизнес орталықтың ғимаратына кіріп, кофехананың есігін ашып, ақшаны алып кеткен.
Күдікті ұрлық жасағаннан кейін Теміртау қаласынан бір-ақ шығыпты. Оны полиция сол жерден ұстаған.
Қазір ер адам қамауға алынып, түзеу мекемесіне отырғызылды. Құқықбұзушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ күдіктінің Астанада бұрын осыған ұқсас жасалған қылмысқа қатыстылығы анықталып жатыр.